Skip to content

Hurmetolla's Blog

Just another WordPress.com weblog

Сұрапыл су тасқыны
немесе шындықты шықпауына кім қақпақ
12.03.2010 Алматы облысында төтенше жағдай орын алғаны баршаға аян. «Қардың күрт еріп, оған нөсер жаңбыр қосылуы себепті Қызылағаш су қоймасы бұзылған. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, аталған ауылда тасқын су 60 үйді шайып кетіп, 23 адам қайтыс болған». Міне бұл тура сол күні кещте «Хабар» телеарнасының таратқан мәліметі. Бұл тек «Хабардың» ғана емес, бүкіл мемлекеттік БАҚ-тың шыңғырған «шындықтыры». Арасында «Жас алаш» түртпектеп, өлім-жітім санын арттырғаны мен бәрі бір қаза бол,андар саны 42 ден әрі аспады. Аспайды да. Неге? Өйткені, ҚР заңы бойынша мемлекетте қаза болғандар саны 60тан асса бүкіл Республика бойынша «Қаралы күн» болып жариялануға тиіс екен. Ал, біздің үкімет олай етуден қорықты. Біріншіден, «Қызыл ағаш» оқиғасының тез ұмыт болуы үшін. Екіншіден, әлем алдындағы енді ғана көтеріліп келе жатқан беделінің құлдырап кетпеуі үшін. Билік осыны көздеді. Иә, дұрыс-ақ болсын. Өзімізді өзіміз өзгелер алдында масқараламайық та. Алайда көрші Ресейде ше? Метро жарылып қайтыс болған отыз шақты адамға бүкіл Республикалық «Қаралы күн» деп жарияламады ма? Сонда қалай, Ресейдің әлем алдындағы беделі түспейді, біздің беделіміз түсе ма? Керісінше халқына деген адал қызметінен Ресей беделі арта түспеді ма? Мен неге бұл жараны тырнап отырмын. Мен мұнымен «Біз түгелмен билікке қарсы аттанайық. Біздің билік халықты қорлады, алдады» дегелі отырғаным жоқ. Қайта біздің өзіміздің шындықты ашып айта алмаған әлжуаздығымызды айтықым келеді.
Мәселен, жергілікті бұрыннан тұрып жатқан халықтан отыз бір адам, қытайдан келген қандастардан он бір адам, жиыны қырық екі адам «Қызыл ағаштың» өзінің тұрақты тіркеуіндегі, тұрғылықты халқынан опат болған. Алайда, жолдағы автокөліктер мен қыдырып келген қонақтар бар жиыны екі жүз он бір адам мәйітханаға жатқызылған. Сонда мұның бетін ашып айтпауға кім кедергі. Кімнің аузын билік қағып отыр. Керісінше өзіміз биліктің алдына түсіп өтірік айтып отырмаймыз ба? «біз деп отырғаным әрине «отты тілді журналистер». Осылай жалғасын таба берсе болашағымыз не болмақ?!… Осыны ойландық па? Шынымен халқты алдай алдық па? Керісінше халықтың сенімінен айырылып қалған жоқпыз ба? Егер сіз журналист болып осы жағыдайдан репортаж жасап кел десе қай жолды таңдар едіңіз? Шындықты ма, әлде? Жоқ шындықты айту үшін міндетті түрде оппозиция болу керек пе? Осы сұрақтарға жауап алғым келеді. Құрметті достар.
Менің байқағаным үкімет шындықты айтпа деп ешкімге қысым көрсеткен емес. Қайта журналистер өздері алдына түсіп зырлап жүрген. Бұл мен үшін емес, халық үшін, келешек үшін қианат қой.
Мен мұны естігенімнен айтып отырғаным жоқ. «Қызыл ағаш» жайын өз көзіммен көргенмін. Әрі сонда туысқандарым тұрады. Сондықтан әліде саяси шындықтар туралы пікір алмасқыларыңыз келесе құпия жағдай болса hurmetolla@gmail.com ға хат жіберіп, сұрауларыңызға болады. Ой ортақтасуға дайынмын. Егер баршаларыңыз қарсы болмасаңыздар осы оқиғаны осы жүйеде талдасақ жақсы болар еді. Бар шындықты ашуға мүмкіндік туады.

Advertisements

Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!